Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Азық-түлік қауіпсіздігі – ғаламдық мәселе

Үстіміздегі жылдың қараша айының 17-29 аралығында Өзбекстанның Орта Азия және Кавказия елдерінің тұзданған жерлерін биологиялық реттеу халықаралық орталығының үйлестірушісі биология ғылымдарының докторы, профессор Кристина Тодирич үстіміздегі жылдың қараша айының 17-29 аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде дәріс жүргізді. 
Ғалым жоғарры оқу орнының жаратылыстану және аграрлық технологиялар факультетінің ауылшаруашылығы өндірісінің технологиясы кафедрасының агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мамандықтарының студенттері мен магистранттарына және докторанттарын аталмыш тақырып бойынша қажетті мағлұматтар жеткізді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген профессор Кристина Тодирич білім алушыларға дүниежүзіндегі азық-түлік қауіпсіздігі жайын жан-жақты баяндады. Профессор дәрісі магистранттар мен докторанттардың білімдерін жетілдірумен қатар, кафедра оқытушы-профессорларының өзара тәжірибе алмасуына үлкен септігін тигізеді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: