» » СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

 

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  сот  судьяларының  арасында тренинг  өткізілді.

Бұл шара Қазақстан  Республикасының  әкімшілік  құқық  бұзушылық туралы  кодексінің 45-тарауына сәйкес  әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды  күшіне  енбеген қаулыларды  аппеляциялық  тәртіппен  қайта  қарау тақырыбында өтті.
Тренингте  ҚР ӘҚБтК-нің 835-бабына  сәйкес әкімшілік  құқық  бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау мерзімдері, ҚР ӘҚБтК-нің 838-бабына сай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша  қаулығы шағымды, наразылықты қарау  талқыланды.
Атап  айтқанда,  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық түскен күннен бастап он тәулік ішінде қаралуға  жатады.
Іс жүргізуге қатысушылардан өтінішхаттар түскен  жағдайда не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде он тәуліктен аспайтын мерзімге  ұзартуы мүмкін.