» » СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ОБЛЫСТА 45 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА ОБЛЫСТА 45 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Соңғы 5 жылда облыста 45 мектеп бой көтерді. 2013 жылы аймақтағы 37 білім ұясы апатты жағдайда болатын.
Олар кезең-кезеңімен жаңаланды. 2017 жылы өңірде апатты мектептер мәселесі шешілді. Биыл қаңтар айында Жалағаш ауданы М. Шәменов аулындағы №34 мектеп Ұлтық білім беру деректер қорына апатты жағдайдағы білім ұясы ретінде енгізілді. Жаңа білім ошағының құрылысын жүргізуге байланысты аудандық бюджет есебінен 300 орындық мектептің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті министрліктерге жолданды. Назар нысанасындағы мәселе жыл соңына дейін шешіледі.