» » ДЕПУТАТТАР ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ БАС ҚОСТЫ

ДЕПУТАТТАР ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ БАС ҚОСТЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Бүгінгі таңда Қызылорданың әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда біршама жұмыстар атқарылды.
Облыс орталығының инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымын дамытуда, жол сапасын жақсартуда кешенді шаралар қабылданып, қала қарқынды құрылыс алаңына айналды.
Осыған орай, қалалық мәслихат депутаттары облыс орталығының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының қазіргі жағдайы мен одан әрі дамыту шаралары тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиында қалалық мәслихаттың жоспарланған кезекті сессиясында қаралатын коммуналдық сала мәселелері бойынша ұсыныстар кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстел отырысына төрағалық еткен қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова жылу, ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Ауыз сумен қамтуда көпқабатты үйлердің 4-5 қабаттарына су көтерілмеуі секілді мәселелер жиі кездеседі. Бұған дейін халық қалаулылары рейд шаралары кезінде салада атқарылып жатқан жұмыстармен кеңінен танысқан еді.