» » ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА КӨҢІЛ БӨЛІНДІ

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА КӨҢІЛ БӨЛІНДІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қызылорда қаласының санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуге 2018 жылы барлығы 627,9 млн. теңге қаралған.
Оның ішінде: 8 млн. теңге құрамында сынабы бар жарамсыз шамдарды жинау және залалсыздандыруға бөлінді. Қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің және қала көшелерінің күл қоқыс жиналатын аумақтарына 450 дана контейнерлер орнатылды.
Жыл басынан бері 164,8 мың м³ күл-қоқыс орталық полигонға шығарылып, залалсыздандырылды.
«Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің жарғылық қорын ұлғайту мақсатында арнаулы техникалар алуға 350,0 млн. теңге бөлініп, 5 дана арнаулы техникалар сатып алынды.