» » ІТ-ПАРК ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРІЛДІ

ІТ-ПАРК ЖҰМЫСЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРІЛДІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шайымова Қызылорда облысындағы сапары барысында Қызылорда қаласындағы IT-парк жұмысымен танысты.
Еліміздегі цифрландыру аясында құрылған ІТ-парк - бұл ақпараттық технологиялар саласында қызмет атқаратын технопарк, белсенді және талантты жастардың өз идеяларын жүзеге асыруына зор мүмкіндік беретін орын.
ІТ-парк ішінде 3D-моделдеу технологиясы, VR/АR студия технологиялары, ІТ-өнімдерге арналған коворкинг орта, техно – шеберханалар (зертханалар), робототехника, ІТ-академия және конференц қызметтер жүзеге асырылуда.
ІT-парк жұмысымен таныстырған облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітованың айтуынша,мұнда талантты жастар өздерінің стартап-жобаларын әзірлеп, оларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарта алады.
Агенттік төрағасының орынбасары А.Шайымова IT-парктің мүмкіндіктеріне риза болып, оның жұмысына жоғары баға берді.