» » Қызылорда облыстық әйелдер кеңесінің төрайымын сайланды

Қызылорда облыстық әйелдер кеңесінің төрайымын сайланды

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Бүгін облыстық мекемелер үйінде облыс әкімінің орынбасары, әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен облыстық әйелдер кеңесінің отырысы өтті.
Негізгі мәселе облыстық әйелдер кеңесінің төрайымын қайта сайлау.
Осыған дейін бұл қоғамдық ұйымның басшысы болған Нұрсәуле Мусаева облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы ретінде жұмыс атқара береді. Н. Мусаева Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Облыстық әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Нұрсәуле Дүйсембайқызына облыс көлемінде отбасы мәртебесін арттыруға және отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды халық арасында кеңінен насихаттап, отбасы-демографиялық саясаттың жүзеге асуына қосқан қажырлы еңбегі үшін облыс әкімінің Алғыс хатын табыстап, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесіндегі жұмысына жеміс тіледі.
Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымына облыстық маслихаттың депутаты, көп жылдар облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы болған, білім саласы ұстаздарының кәсіподақ комитетін басқарған Райкүл Мансұрқызы Байназарова сайланды.