Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Асанәлі Әшімов: Елу жыл бiр әйелмен тұру не деген азап…

Асанәлі Әшімов: Елу жыл бiр әйелмен тұру не деген азап…Бүгін актер, ҚР Халық әртісі және Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев 79 жасқа толды. 40 жылдан астам уақыт М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында тер төгіп келеді. Ол ойнаған рөлдер әлі елдің есінде, көрерменнің көкейінде. Өнер иесінің бізге жақсы таныс "Тазарғың келсе, театрға бар" атты кітабы жарық көрген еді. Бүгін Халық әртісі осы кітаптың жалғасы шығатынын айтты.
Қалтай Мұхамеджанов ағамыз: «Креслоға отырғызып қойып, екi сағат сенi мақтағанда, құдай-ай, соған шыдап отырудың өзi бiр батырлық» деушi едi. Мен 75 жасқа толып, салтанатты жиын өткенде ел-жұрт шығып Оразбаевтың жасаған рөлдерiн, шеберлiгiн айтып жатты. Бiр кезде бiрге оқыған досым Асанәлi шықты мiнбеге.
– Бәрiң мақтадыңдар Оразбаевты, ал ендi мен кемшiлiгiн айтайын, – дедi. Жұрт елең ете қалды.
– Бұл кiсi 50 жылдан берi театр сахнасында қызмет жасап келе жатыр. Қанша сұлуларды құшақтады, құшты. Қаншасыменен сүйiстi. Мұның кемшiлiгi – сонша сұлулармен бiрге жүрiп, бiрге ойнап-күлiп, осы уақытқа дейiн бiр-ақ әйелмен өмiр сүрiп келе жатқандығы. Не деген азап. Мұның бар айтатыны – «әйелдердiң бәрi бiрдей… немесе тоқал иттiң құйрығы» деп келетiн әлгi бабасының пәлсапасы. Оразбаев сол «иттiң құйрығынан» қорқатын болу керек, – дедi. Жұрт қыран-топан күлiп жатыр.

Cәбит Оразбаевтың «Тазарғың келсе, театрға бар» кітабынан 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: