» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «ORDA Wi-Fi» ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ORDA Wi-Fi» ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

Айдар: Мәдениет / Сонғы жаңалықтар

Қызылорда қаласының халық көп шоғырланатын демалыс орындары мен саябақтарында ақпараттық ресурстарға, мемлекеттік көрсетілетін электронды қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында WI-FI тегін интернет желісін енгізуге «ORDA Wi-Fi» жобасы қолға алынуда.
Бірінші кезеңде, пилоттық режимде Ыбрай Жақаев көшесі бойына орнатылады, ұзындығы 1 км, ені 50 м болатын ауқымда секундына 100 мегабайт жылдамдықтағы, жаңа технологиямен жабдықталған (Ubiquiti UniFi AC Mesh) құрылғы орналастыру көзделуде. Бұл жобаға қалалық бюджеттен 3 млн. 500 мың теңге бөлініп, жобаны іске асыру жұмыстары басталып кетті.