Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қазалыда би өнері насихатталды

Қазалыда би өнері насихатталдыҚазалы ауданында қазақ биін дамыту, қолдан келсе байыта түсу – бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып отырғаны ақиқат. Осы мақсатта аудандық мәдениет Орталығында «Айгөлек» атты бишілер байқауы өткізілді. 
Байқауға аудандық мәдениет орталығының би үйірмесінің жетекшісі Рсалиева Индира, аудандық оқушылар Үйінің би үйірмесінің жетекшісі Өтегенова Гүлиариям қазылық жасап, би қимылдарының мәнерлеу қабілетіне, орындаған би мағынасының толықтай суреттелуіне назар аударды. Нәтижесімен 4-6 жас ерекшелігіндегі кіші топтар арасынан «Ақбота» балабақшасының «Еркетай» бишілер тобы бірінші орын иеленсе, «Балапан» балабақшасының «Әдемі-ай» тобы екінші орын, «Айгөлек» балабақшасының «Айгөлек» тобы және «Ақмарал» балабақшасының «Сымбат» тобы үшінші орынға табан тіреді.
Ал, 7-15 жас ерекшелігіндегі үлкен топтар арасынан Қожабақы  ауылдық «Жұлдыз» бишілер тобы бірінші орын, №165 мектептің «Сәкен сұлулары» бишілер тобы екінші орын, №266 мектеп-лицейдің «Тұмар» бишілер тобы, майдакөл ауылдық «Інжу маржан» бишілер тобы және №70 мектептің «Шернияз» бишілер тобы ІІІ орынды өзара бөлісті.Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: