» » "Жасыл ел" сарбаздары ән айтудан сайысты

"Жасыл ел" сарбаздары ән айтудан сайысты

Айдар: Мәдениет / Сонғы жаңалықтар

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жəне "Қызылорда облысының жастар Одақтары" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20, Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай жастар жəне "Жасыл ел" сарбаздары арасында караоке сайысы өткізілді.
Сайысқа он беске жуық ерікті жастар және «Жасыл ел» сарбаздары қатысып, патриоттық ән шырқады. Қатысушы барлық жастар өз өнерлерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша Батырбаева Айдана І орынмен, Кетебай Айзат ІІ орынмен, Имантай Айдар ІІІ орынмен марапатталды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.