» » АРАЛ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТЕДІ

АРАЛ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТЕДІ

Айдар: Саясат, Сонғы жаңалықтар

АРАЛ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ ӨТЕДІ

 

Мамырдың 30-31 күндері Аралдың тұрақты дамуына арналған халықаралық форум өтеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары - Серік Қожаниязов пен Аралды құтқару Халықаралық қорының Қазақстандағы атқарушы директоры -Болат Қабыкенұлының қатысуымен өткен баспасөз-конференциясында мәлім болды. 
Форумға Орталық Азияның 5 мемлекеті мен басқа да халықаралық ұйым өкілдері қатысады. Форумның мақсаты - Арал мәселесіне қоғам назарын аудару, аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілететін жобаларды нақтылап, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту жолдарын талқылау. 
Форумның бірінші күні баяндамалар тыңдалса, екінші күні делегаттар Арал теңізін тікұшақпен бағдарлап, теңіздің тынысымен танысады. Басқосу аясында бірнеше жобалардың таныстырылымы өтеді. Атап айтқанда, Қамбаш көлінде ғылыми-туристік орталық ашу, сондай-ақ, Аралдың шығыс бөлігіндегі теңіз ұлтанына ағаш отырғызып, жасыл белдеу жасау жəне үшінші жоба - киік популяциясын көбейтуге арналған питомникті іске қосу жобалары көпшілік назарына ұсынылады.