Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылорда облыстық ветеринария басқармасының басшысы тағайындалды

Қызылорда облыстық ветеринария басқармасының басшысы тағайындалды.
Облыс әкімінің өкімімен аталған қызметке Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы келді.
Ш. Қойшыбаев 1974 жылы дүниеге келген. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденінің мемлекеттік ауылшаруашылығы институтын «Ғалым агроном», «Болашақ» университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Ы.Жақаев атындағы шаруа қожалығының жұмысшы ретінде бастаған.
1996-2001 жылдары Ы.Жахаев атындағы колхозының агрономы,  «Шахмардан» шаруа қожалығының төрағасы болса,  2001-2005 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы қызметтерін атқарды. Ал 2005-2012 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болған.  2012-2020 жылдары Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының, 2020 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: