Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ӘРБІР ІСТЕ МЫҢДАҒАН АЗАМАТТЫҢ ЕҢБЕГІ ЖАТЫР


Бұл жөнінде Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала халқының алдында есеп беру кездесуінде мәлім етті.
Қала әкімі Н.Нәлібаев: Әрбір атқарылған істің артында бірліктің бесігін тербеткен халықтың адал пейілі мен елім деп еміренген мыңдаған азаматтың еңбегі жатыр.
Жыл көлемінде атқарылған әрбір істің әділ сыншысы, адал ниетті қолдаушысы болып, осындай кездесулерге жиналуларыңыздың өзі Сіздердің қаланың дамуына, өмір сапасының жақсаруына мүдделі екендеріңізді білдіреді.
Қазақтың бір туар ардақты тұлғасы, халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев ағамыздың: «Бағалай білмегенге бақ қонбайды, Қуана білмегенге құт қонбайды», - деген кемеңгерлік қағидасына сүйеніп, бір жылдық белесімізді бағалап, көп жылдық келешегімізге бағытталған ауқымды тірліктерді бірге жүзеге асыруға, Қызылорданың бүгінін биік, келешегін кемел ету жолында жұмыла жұмыс жасауға шақырамын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: