Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ю.Новиков қызылордалық бапкерлерге дәріс берді

Ю.Новиков қызылордалық бапкерлерге дәріс бердіҚызылордада «Қайсар» футбол клубының ұйымдастыруымен балалар футболының мамандарына арналған «Заманауи футболдағы балалар жаттықтырушыларының рөлі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Евгений Булгаков пен «Қайсар» футбол клубының спорт директоры Юрий Новиковтың жетекшілігімен өткен семинарға барлығы 30-ға жуық маман қатысты. Олардың 16-сы аудан орталықтарынан келген балалар жаттықтырушылары.
 Семинардың барысында сөз алған Евгений Валентинович пен Юрий Алексеевич балалар футболындағы заманауи жаттығу жүйесі жайлы баяндама жасап, жаттықтырушыларға теориялық сабақтар өткізді. Ал бағдарламаның екінші бөлігінде семинарға қатысушылар «Қайсар» футбол орталығының жаттығуы процессін бақылап, Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған турнирдің финалдық ойынын тамашалады.
 Жалпы, семинардың мақсаты – балалар жаттықтырушыларының өзара тәжірибе алмасуы. Сондай-ақ, жақын болашақта аудандардағы бапкерлер үшін балаларды жаттықтыруға мүмкіндік беретін «С» санатындағы лицензияны алысқа бармай-ақ Қызылордада оқып алуға жол ашу.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: