» » Илья туған жерге топырағына қадам басты

Илья туған жерге топырағына қадам басты

Айдар: Спорт / Сонғы жаңалықтар
Илья туған жерге топырағына қадам бастыЖақында Алматы қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан даңқты спортшы Илья Ильин туған топыраққа қадам басты. 
Оны әуежайдан күтіп алған жерлестері өз лебіздерін білдіріп жатты. Солай боларлық жөні бар. Илья бүгінгі күнге дейін ересектер арасында 4 мәрте әлем чемпионы, 2 мәрте Олимпиада чемпионы атанып үлгерді. Сондай-ақ, Азия ойындарында екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. 
2014 жылғы әлем чемпионатында И.Ильин 105 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Жарыс барысында әлемдік рекордқа түзету енгізілді. Қызылордалық атлет төбесіне 242 келілік зілтемірді көтерді. 
Айта кетелік, әлем чемпионатында 2016 жылғы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынды.