Қырғызстанның Чолпан–ата қаласында өткізілген екінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қызылордалық балуандар жүлдегер атанды.
Еламан Ерғалиев қазақ күресінен 90 келі салмақта сынға түсіп, 2- орынға ие болды. Сондай-ақ, белбеу күресінен Мереке Құдайбергенова 76 келі салмақта 3-орынды еншіледі.