Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

"Күйеуің (әйелің) үйіңде ме? Сағындым, кездесейік": Қазақ жастарының пранкі елді шошытты

Әлеуметтік желіде қыз-жігіттер ата-анасын шошытып, жақындарының төбесінен жай түсіріп жүр. Арулар жағы "жігітім алып қашады" деп анасын алаңдатып, "жүктімін" деп әкесін ашуландырып әлек. Тосын жаңалықпен жаға ұстатқан жігіттер де жоқ емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тренд құмар жастардың фантазиясында шек жоқ.  Бірі алып қашу, өзгесі сырға салу, енді бірі жүктілік туралы әзілдейді.  Жалған хабарламаның мазмұны ойға неғұрлым қонымсыз болған сайын,  жасырын камераға жазылған эмоциялардың шынайылығы да соғұрлым арта түседі.
Желіде танымал болған жалған хабарламалардың басым бөлігінің мазмұны мынадай: "Жаным, менің аяғым ауыр екенін ата-анаңа айттың ба?", "Сені алып қашатынымды естіді ме?", "Күйеуің (әйелің) үйіңде ме? Сені сағындым, кездесейік".
Пранкты пайдаланып,  ғашығын тексеріп көргендері де бар.  Бірі қызғанып, ашуға беріледі. Өзгесі сүйгеніне сенетіні сонша, орынсыз әзілдің астарына да үңілмеді.
Әзіл СМС-ке саспай, керісінше жүзінен қуанышын жасыра қоймаған ата-аналар да жоқ емес. Олар қызының тұрмысқа шығатынына қуанды. Дегенмен "ойыннан от шығып жатқан" кездер де аз емес.
Психолог маманның сөзінше, бүгінгі орынсыз әзіл, ертең әдетке,  отбасы ішіндегі сенімнің сейілуіне алып келуі мүмкін.
"Анам не айтады екен,  қандай реакциясы болады екен. Бір араңдатушылықты көруге болады.  Яғни осы пранктың астарында қандай ниет барын байқамай қалуы мүмкін", - деді психолог Анаргүл Ыбрайымбекова.
Жалпы, бейресми деректерге сүйенсек, желіде вирусқа айналған трендттің төркіні Ресейден басталған екен. Әуелде бұл тренд пранк ретінде қаралмаған екен. Мақсаты мүлдем басқа болыпты.
Бұл жай ғана армандарды орындайтын хабарлама ретінде  шығарылған екен. Яғни, ойыңызда жүрген тілегіңізді жазу арқылы, оны оффлайн болмаса да, онлайн өмірде орындауға мүмкіндік береді.




Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: