Минус 25 градусқа дейін аяз: Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Қазақстандық синоптиктер 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Солтүстік және шығыс Қазақстан тұрғындары алғашқы аяздан айықпай жатып, солтүстік-батыстан кезекті антициклон келе жатыр. Ол алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. Бұл аймақтарда түнгі уақытта термометр бағандары 15-25 аязға дейінгі көрсеткішке жетеді”, – дейді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Болжам бойынша, Оңтүстікте әлі де ауа райы әлі жылулықты сақтайды. Ол аймақта оңтүстік циклон әсер етеді, сондай-ақ мол жауын-шашын, көк тайғақ күтіледі.