Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Ғалымдар робот-ит жасап шығарды

АҚШ-тың Boston Dynamics инженерлік компаниясы ит-робот жасап шығарды.

 

Темір төрт аяқтының есімі «Спот». Бұл қазақ тіліне аударғанда «Қасқа» деген мағынаны береді. Оның ең басты ерекшелігі – ит сияқты жортып жүре біледі. Мұндай ширақ қимыл жасауға роботтың денесіне орнатылған жанармаймен жұмыс істейтін екі тактілі генератор мүмкіндік береді. Сондай-ақ жасанды жануардың басы сенсорға толы. Арнайы құрылғылар робот-итке алдында кездескен кедергілерді айналып өтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа «Спот» биік жерлер мен баспалдақ бойынша емін-еркін көтеріле алады. Екінші бір ерекшелігі – оның орнықты болуында. Тіпті тепкілеп жатса да, оңайлықпен құламайды. Салмағы 73 келіден асады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: