Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Тәттіге құмарлықты басу үшін не істеу керек? Диетологтар айтты

Диетологтар тәттіге деген құмарлықты басатын өнімдерді атады. Мамандардың айтуынша, рацион толыққанды болмағандықтан немесе дайын фабрикаттарды көп тұтынғандықтан, адамның тәттіге аңсары ауып тұруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Eat This, Not That!" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 
Диетолог Эми Гудсонның айтуынша, қантты жеуді азайтудың бір жолы – пайдалы әрі тойымды таңғы ас ішу. Ол таңғы асқа көкөністен жасалған омлет, тұтас дәнді тост пен жеміс пен жаңғақтар қосылған сұлы жеуге кеңес берді. 
Негізгі тамақтанулар арасында ағуыз бен жасұныққа бай өнімдер жеген дұрыс дейді маман. Олардың қатарына: ірімшік, жемістер, йогурт пен жидектер, қақталған сиыр еті, жержаңғақ майы қосылған тост кіреді. Диетологтың айтуынша, тамақтану арасында қосымша тамақ жеу маңызды. Себебі қатты ашыққан адам (қандағы қанттың құрамын көтеру есебінен) тәттіге құмартуы мүмкін. 
Дұрыс әрі толыққанды тамақтанғаннан кейін де тәттіге деген құштарлық төмендемесе, Гидсон бірнеше қара өрік жеуге кеңес берді. Айтуынша, қант серотонин гормонын көтеруге көмектеседі. Сондықтан да оны бірқалыпта сақтау үшін қанттың баламасы болатындай өнімдерді табу керек. Бұл ретте физикалық жаттығулар, күн сәулесі мен таза ауа көмекке келе алады.
Ал диетолог Лорен Манакер ұйқының дұрыс болуына көңіл бөлуге шақырды. Айтуынша, ұйқысы қанбай, шаршап жүрген адам тәтті қалап тұрады. Ол тәулігіне 7-8 сағат ұйықтау керектігін еске салды. 
Манакердің пікірінше, магний жетіспеген кезде де ағза тәттіні қалап тұрады. 
"Оның алдын алу үшін авокадо, жаңғақ және құрамында магний элементі бар өзге де өнімдерді тұтыныңыз. Қажет болған жағдайда, қосымша дәрумен түрінде ішуге болады", –  деп түсіндірді ол. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: