Парижде тірі шаяндарды заңсыз тасыған топтың жолы кесілді
Париждің Шарль де Голль әуежайында кеденшілер 115 тірі шаянды әкетіп бара жатқан контрабандалық топтың жолын кесті.
Улы жәндіктер 2 жүктің арасына жасырынып салынған екен. Оларды күдіктілер Камеруннан АҚШ-қа апара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, сезіктілер тауарларын интернет арқылы сатпақ болыпты. Естеріңізге сала кетейік, былтыр француз кеден қызметкерлері заңсыз жолмен тасымалданған 1 мың 392 тірі жәндікті анықтаған болатын. Жоғалудың алдында тұрған тіршілік иелері Халықаралық сауда туралы конвенцияның қамқорлығына алынған.