Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Аудандарда екпе ерікті түрде егілуде

Облыстағы барлық ауданда ресейлік "Спутник V" вакцинасының алғашқы дозалары салынуда. Мәселен, Қармақшы мен Жалағаш ауданына 100 дозадан жеткізілді. Басым бөлігі медицина саласының қызметкерлеріне салынуда. 
- Ауданда екпе салу ерікті түрде жүргізілуде. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, мұғалім, мемлекеттік қызметкерлер және аудан тұрғындары қабылдайды. Екпе салынған пациенттердің жағдайлары қанағаттанарлық. Олар 3 күн бойы бақылауда болды. Жанама әсерлер байқалмады. Вакцинациялаудың екінші кезеңінде 3300 доза келеді, - деді Жалағаш ауданаралық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Аманкүл Маханбетова. 
- Қармақшы ауданында екпе егу жұмыстары 9-15 наурыз жүргізілді. Аудан бойынша 100 адамға егілді. Оның ішінде, 94-і бірінші болып жұқпалы аурулар бөлімшесінің, жедел медициналық көмек, реанимация, жалпы тәжірибелік дәрігеріне, қабылдау бөлімшесінің медицина қызметкерлеріне салынды. Егуден кейін асқынулар тіркелген жоқ. Алдағы уақытта 320 дана Спутник-V вакцинасы күтілуде. Келген уақытта жоспар бойынша мұғалімдер қамтылады. Мен өзім де коронавирус инфекциясына қарсы екпені салдырдым. Ешқандай кері әсер болған жоқ. Барша халықты бұл індетті жою үшін вакцинациялауға шақырамын, - деді Қармақшы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: