Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Жастар акцияда денсаулығын тексертті

Жастар акцияда денсаулығын тексертті2014 жылдың 1 - 16 желтоқсаны аралығында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығын мерекелеуге орай 16 жұлдызды күні айдарымен түрлі салалар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Осыған байланысты «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-сі мен Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы үстіміздегі жылдың 3 - 4 желтоқсанында №3 және 6 емханалар жанындағы жастар денсаулық орталықтарында денсаулық акцияларын өткізді. жоспарлап отыр.
Бүгін №3 емхана жанындағы "Шапағат" жастар денсаулық орталығында салтанатты түрде бастау алған акцияға 100-ге тарта жастар қамтылды. Акция барысында жастарға сала мамандары тегін медициналық қызмет (қан алу, қан қысымын өлшеу, УДЗ, (УЗИ), донорлық қызмет, дәрігерлердің қабылдауы және т.б) көрсетті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: