Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қазақстанда 200 мың отбасы табиғи жолмен бала сүйе алмайды

Қазақстанда 200 мың отбасы табиғи жолмен бала сүйе алмайдыҚазақстанда бала сүйе алмай жүрген отбасылар саны кемитін түрі жоқ. Сала мамандарының айтуынша, олардың саны 200 мыңнан асып жығылады.
Дәрігерлер жылма-жыл 20 мыңға жуық шаңырақтың табиғи жолмен нәресте сүйе алмайтындар қатарын толықтыратынын айтады. Әрбір жылы елімізде 160 мыңның шамасында неке тіркеледі. Өкінішке орай, олардың 16 пайызға жуығы табиғи жолмен бала сүйй алмайды. Осының салдарынан суррогаттық тәсілге иек артқан отбасылар саны аз емес.    
Мұндай жағдайлар Еуропа елдерін де елеңдетіп отыр. Онда табиғи жолмен бала сүйе алмайтын отбасылар саны 12-ден 29 пайызға дейін құрайды. 
Елімізде бала сүйе алмайтын отбасыларды қолдауға арналған 5000-нан астам бағдарлама бар екен.  Экстракорпоральды ұрықтандыру 2010 жылдан бастап, мемлекеттік тегін медициналық көмек аясына кірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: