Ас-ауқат – бұл тек тіршілік ету үшін қорек көзі немесе пайда табудағы кәсіп көзі ғана емес, бұл кей жағдайда адам денсаулығына зақым келтіруі мүмкін қауіп болуы мүмкін. Ауру тасымалдағыш микроағзалар азық-түлік арқылы тез таралады. Сондықтан мейрамхана, кафе, асханалардың кез келген қызметкері келушілерге зиян тигізбес үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды жақсы меңгеріп, орындауы тиіс.
Тағамнан уланудың топтық жағдайлары негізінен тамақ дайындау технологиялық процесінің бұзылуымен және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы міндетті талаптардың сақталмауымен байланысты болады.
Қызылорда облысында тағам нысандарының саны жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда 2021 жылы 1901 нысан болса, 2022 жылы олардың саны 240-қа артып, 2141 нысанды құрады. Оның ішінде 122-сі тағам өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорындар мен өнеркәсіп ұйымдары (сүт өндірісі – 4, ет өндірісі – 11, балық өндірісі – 14, наубайхана - 49, астық өңдеу кәсіпорындары (өнеркәсібі) – 11, мұздатылған жартылай фабрикаттар кәсіпорындары – 2, кондитерлік кәсіпорындар – 9, алкогольсіз сусындар өндіретін өнеркәсіп – 11, май (майонез) өндіру кәсіпорны – 1 және 10 өзге де нысандар), қоғамдық тамақтану орындары – 506, сауда кәсіпорындары – 1494, азық-түлік базарлары – 15 және 4 өзге де тамақтану объектілері бар.
2022 жыл көлемінде ерекше тәртіп бойынша 223, жоспардан тыс 33 тексеру жүргізілді. Санитариялық қағида талаптарына сәйкес тексеру барысында барлық тамақтану объектілеріне зертханалық-аспаптық құралдар қолданыла отырып, жарыққа, микроклиматқа, шуға, дірілге өлшемдер жүргізіліп, бактериологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілді.
Тексерулер қорытындысы бойынша 61 нысан санитариялық талаптарға сәйкес келмеді. Олар тағам өндірісі-10, қоғамдық тамақтану-42, 5 сауда және 4 базар. Анықталған кемшіліктер бойынша 67 хаттама толтырылып, 10 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Жүргізілген тексерулер қорытындысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы анықталған кемшіліктерді болдырмау және оларды жою негізінде 26 санитариялық ұйғарым берілді.
2022 жылы Қызылорда қаласы орталығында қоғамдық тамақтану объектісімен байланыстырылған топтасқан тағамнан улану фактісімен 13 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жүгінген. Аталмыш науқастардың барлығы қала орталығында орналасқан тез дайындалатын қоғамдық тамақтану орталықтардың бірінде тамақтанғанын айтып шағым келтірген. Осыған сәйкес «Жаппай тағамнан улану» фактілерінің тіркелуіне байланысты Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қалалық полиция басқармасының қаулысына сәйкес ҚР Қ Кодексінің 304-бабының 1-бөлігімен (санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда адамның улануына әкеп соғатын бұзушылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу туралы қаулысын басшылыққа алып, жедел тексеру жұмыстары жүргізілген болатын.
Нәтижесінде жоспардан тыс тексеру барысында келесі заң бұзушылықтар орын алды:
тамақтану объектісінің шаруашылық аймағында тұтыну қалдықтарын жинауға арналған контейнердің бетінің жабыны жоқ және қоршалмағандығы;
шикізатпен жұмыс істейтін тамақтану,оның ішінде тез қызмет көрсету объектісінде ас үй ыдыстарын, мүкәммалды және көп айналымды ыдыстарды жуу және дезинфекциялау үшін араластырғыштар арқылы салқын және ыстық су келтірілген екі секциялы ваннасы бар бөлек жуу үй-жайларының немесе бөлмелерінің көзделмегендігі;
өндірістік үй-жайларда, тамақ өнімдерін сақтауға және өткізуге арналған үй-жайларда оларды тамақ өнімдеріне әйнектердің зақымдануынан және түсуінен қорғауды, жарқырауды тудырмайтын жарқылдың болмауын көздейтін шырақтардың түрлері пайланылмағандығы;
салқын тағамдарды дайындауға арналған цехтарда ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті сәулелегіштермен қамтамасыз етілмегендігі;
азық-түлік шикізатын және дайын тамақ өнімдерін бөлу үшін әріптік немесе түр-түске бөліп таңбалауды пайдалана отырып, өңделетін тамақ өнімдеріне сәйкес таңбаланған жеке бөлшектеу мүкәммалдарының (бөлшектеу тақтайлары, пышақтар) мақсаты бойынша пайдаланылмағандығы;
температуралық-ылғалдылық режимінің сақталуын бақылау үшін тез бұзылмайтын тамақ өнімдерін, өндірістік үй-жайлар температураны, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған көрінетін жерде белгіленген, есіктер мен буландырғыштардан алыс бақылау-өлшеу құралдарымен жарақталмағандығы;
қойма үй-жайлары мен тоңазытқыш камералары стеллаждармен, тұғырықтармен жабдықталмағандығы;
объектідегі жауапты адамдардың жұмыс ауысымы басталар алдында азық-түлік шикізатымен тікелей жанасатын персоналды, қол терісінің іріңді ауруларының және дененің ашық беттерінің (оның ішінде тері іріңдеп кесілген, күйік, инфекциялық аурулардың, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларының белгілерінің бар болуына күн сайын қарап-тексеру жүргізбегендігі;
тағам өнімдерін, шайындыларды микробиологиялық зерттеуде сәйкессіздіктер анықталғандығы нақтыланды.
Анықталған кемшіліктер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен 352 245 теңгеге әкімшілік хаттама толтырылып, кемшіліктерді жою бойынша ұйғарым берілді.
Тамақтан улану – ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты және микробсыз, органикалық немесе органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел, кейде созылмалы ауру болып табылады.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жаппай тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының таралуының алдын алу мақсатында бақылауды күшейту қажеттілігі туралы еске салды. Қазір мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталды. Бұл айда адамдардың басқосуы, ауызашар беру шаралары көбейеді.
Ораза күндері денсаулыққа қауіп төндірмеу үшін тамақтану сапасына баса назар аудару қажет. Тамақтан улану қауіпін болдырмау және қауіп дәрежесін азайту үшін келесідей тағамнан уланудың алдын алуға бағытталған қарапайым, бірақ тиімді ережелерді сақтауды ұсынамыз:
-тағам сатып аларда қаптаманың тұтастығына, өндіру мерзіміне, жарамдылық және сақтау мерзіміне көңіл бөліңіз;
-қаптамада көрсетілген өндіруші ұсынған мерзімге дейін сақтаңыз;
-тағамды тек жаңа өнімдерден дайындаңыз;
-салатқа арналған көкөністерді кешкісін дайындап, салқындатып, тоңазытқышта сақтаңыз және ауызашар басталуына 2 сағат қалғанда турап, ұсынар алдында араластырыңыз (барынша өсімдік майымен);
-кондитерлік өнімдерді, кремді торттарды бөлмеге алдын ала қоймаңыз, сақтау барысында температуралық режимді сақтаңыз;
- ауызашар дастарқанынан кейін тез бұзылатын тағам қалдықтарын тастап және жаңадан дайындаңыз;
-тағамдайындаубарысындатемпературалықрежимдісақтаңыз;
-жеміс-жидектердімұқиятжуыңыз;
-тағамдайындаубарысындажеке бас гигиенасынсақтаңыз;
-үй жағдайында дайындалған консервіленгенкөкөністергеерекшеназараударуқажет. Сапасыз жасалған консервілерде ауру қоздырғыштарыныңөмірсүруіүшінқолайлымикробтар улы токсиндербөледі. Бұлтоксиндерағзағаенгенжағдайда ботулизмауруытуындап, асқынуынанөлімгеәкелуімүмкін. Консервіқақпағының бүлінгені (бомбаж) байқалсанемесеөнімніңсапасынақандай да біркүдіктуындасаөнімдіқолданудан бас тартыңыз.
-көшеде кездейсоқ рұқсат етілмеген жерден үйде дайындалған консервілерді, сондай-ақ үйде дайындалған ет және балық өнімдерін сатып алудан бас тартыңыз.
- респираторлық және асқазан-ішек ауруларының белгілері бар науқастардың тамақ дайындауына жол бермеу;
- үйде жеке гигиена ережелерін және ыстық, суық тағамдарды дайындау технологиясын сақтау;
- шикі және дайын өнімдерді өңдеу үшін жеке пышақтар мен кесу тақталарын пайдалану;
- көкөніс, жеміс-жидектерді ағынды сумен мұқият жуу;
- салат, тартылған ет өнімдерін аз мөлшерде дайындап, бір күннен артық сақтамау;
- піскен және шикі тамақтарды бірге сақтамау;
- тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдерін мұқият термиялық өңдеуден өткізу;
- тортты тоңазытқышта сақтау;
- қоғамдық тамақтану орындары қызметкерлері уақытылы медициналық бақылаудан өтіп отыруын қамтамасыз ету қажет.
Әлия Әбдіқайымова,
Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысының орынбасары