Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қарбызды қалай таңдау керек екенін білесіз бе?

Қарбызды қалай таңдау керек екенін білесіз бе?Шілде айының соңы мен тамыз айы қарбыз-қауынның маусымына айналатын кез. Дегенмен, көпшілігіміз қарбызды дұрыс таңдай алмайтынымыздан, сапасыз өнімге жиі ұрынып жатамыз. Яғни, іші түскен, ұрылған қарбыз алып, сатушыны кінәлаймыз. Осындай жағдай болмау үшін пісіп жетілген, іші түспеген қарбызды қалай таңдау керектігін үйреніп алыңыз. 
Қарбыз алар кезде мына кеңестерді есте ұстау керек.
-Піскен қарбыздың ақ жолағы жалпақ болады әрі жолағы қанық болуы тиіс;
-Қарбызды шертіп көрген кезде дауысы анық шығуы керек;
-Сыртында қоңыр-қара дағы бар немесе жырылған қарбызды көрсеңіз мүлде жоламағаныңыз жөн;
-Ірі әрі салмағы ауыр қарбыз жақсы піскен;
-Қарбызды сондай-ақ, жеміс сабағына қарап та таңдауға болады. Егер жеміс сабағы шірімеген болса онда ол жаңа жұлынып әкелінген және іші де түспеген;
-Қарбызда болатын сары дақтар оның толық піскенін білдіреді;
-Қарбыздың сырты жылтыр болса да жақсы піскендігінің белгісі. 
Мамандар көбіне-қауын қарбызды тамыз айынан бастап жеуге кеңес береді. Сатылымға ерте түскен қауын-қарбыздардың құрамында нитраттар шамадан тыс болады. Егер қарбыз сатып алған болсаңыз сыртын жақсылап жуу керек. Кесілген қарбыз алты сағаттан артық тұрып қалған болса жемегеніңіз жөн. Сонымен қатар, сатып алар кезде сатушыға қарбызды кесіп беруін өтінбеңіз. Ол жерге микроб түсіп, өткір ішек инфекциясы ауруын тудыруы әбден мүмкін. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: