ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ЖАППАЙ УЛАНУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ АНЫҚТАЛАДЫ
Бүгін Жаңақорған аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасына амбулаторлық емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тағамнан уланудың топтық жағдайының тіркелуі жайлы ақпарат келіп түскенін хабарлады.
Бұл жағдай сәуір айының 2-күні сағат 23.00-де кенттегі «Айсұлу-1» мейрамханасында Жаңақорған кенті тұрғынының 40 жасқа толған тойына барған қонақтар арасынан орын алған.
Келіп түскен науқастар 2 тәуліктен кейін дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өту, тәбетінің төмендеуі, жалпы әлсіздік интоксикациялық белгілерімен жедел жәрдем арқылы және өздіктерінен жолдамасыз келіп қаралған.
«Науқастардан қажетті анализдер: ЖҚА, ЖЗА, БХА (асқазанның шайынды суы, құсық, үлкен дәреті, қан анализдері) алынып, бактериялогиялық зертханаға жіберілді. Бүгінгі таңға науқастардың денсаулығы орташа бірқалыпты. Ауру ошағында эпидемиологиялық зерттеу жұмысы жүргізілуде», - деп хабарлады Жаңақорған аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Абай Тұрғанбаев.