Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛУ ЖӘЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛУ ЖӘЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫОблыстық денсаулық сақтау басқармасы және Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен, Иммундау немесе жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында профилактикалық егу жұмыстары туралы айтылды. 
Баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры Сақтағанова Ғазиза, Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысынң орынбараы Аханаева Ұлболсын журналистерше іс-шаралар жоспарында атқарылған істер жөнніде ақпарат берді. 
ҚР Ұлттық алдын ала егу кестесіне сәйкес, елімізде 21 түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында егі жүргізіледі. Егу туғаннан 12 сағаттан бастап, 56 жасқа дейін жалғасады. Егу нәтижесінде соңғы жылдары көптеген жұқпалы аурулардың алдын алып, аурушаңдығы азайды. Мысалы, осыдан 120 жылдай бұрын сары аурумен ауыратындар 100-деп кездессе, қазір 10-ға жетпейді. 
Егулерді жүргізуге рұқсаты бар мамандар ғана іске асырады. Мамандарға егу жұмысын жасауға рұқсатты, жыл сайын егулерді жүргізуге рұқсат беру жөніндегі комиссия отырысында қарап, аттестациядан өткізу арқылы шешеді. 
Елді мекенде профилактикалық егулер жүргізу үшін жағдай болмаған кезде жылжымалы егу бригадасының мамандарымен жүргізіп, осы мамандардың бақылауында болуы қажет.
Профилактикалық егу жүргізудің алдында дәрігер, ( болмағанда фельдшер) егілетін адамды тексеріп-қарайды. Иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, медициналық құжатына егу жүргізуге рұқсатты ресімдейді. Егілетін адамға, оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар және қолайсыз көрсетілімдер, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат береді. 
Облыс бойынша 2016 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен 4839 бала дүниеге келген, оның 97,6 пайызы вирусты гепатит В ауруына қарсы егілсе, туберкулезге қарсы алдын ала егумен 95,8 пайызы егілген. Құрөзек, сіріспе, полиомиелит, көкжөтел, пневмококқа және ВГВ – ға қарсы егулермен 1 жасқа дейінгі 4613 бала егіліп, мақсатты топтағы бала 26,2 % қамтылды. Бір мезгілде жүргізілетін 1 жастағы егулермен қызылшаға, қызамыққа эпидпаратитке, полимиелитке, пневмококқа қарсы 4088 бала егіліп, 23,1 % құрады. Құрөзек ауруына қарсы қайта егумен жалпы облыс бойынша 5043 жасөспірім, 7261 ересек адам қамтылды. Облыс бойынша алдын ала екпелермен қамту көрсеткіші оптималдық деңгейде. Егуден кейінгі асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: