Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

КӘРІЛІКТІ ЖЕҢЕТІН ПРЕПАРАТ ТАБЫЛДЫ

 

Халықаралық биологтар ұжымы сау тышқандардың қартаю үрдісін бәсеңдететін табиғи қосынды ойлап тапты. Осы ғылыми зерттеуге арналған мақала Cell Metabolism журналында жарияланып, қысқа нұсқасын EurekAlert басылымы басып шығарды, деп хабарлайды Baq.kz.
Жаңа жұмыста ғалымдар жануарлардың ағзасында NAD коферментін синтездеу үшін жасушалардың қуат алмасуына қатысатын NMN нуклеотидін пайдаланған. Бұл затты жануарлардың ағзасына бірден енгізу мүмкін емес.
NAD қосындысы ағзадағы майлар мен көміртектерді тез сіңіру процессіне қатысады. Алайда есейген сайны ДНҚ-ның зақымдануынан оның синтезі әлсірей түседі. Осы орайда ғалымдар ойлап тапқан табиғи қосынды артық салмақ жинауға, инсулинге қатысты сезімталдылықтың жойылуына және физикалық белсенділіктің баяулауына қарсы тұрады.
«Біз осы зерттеудің арқасында кәрі тышықандардың қартаю үрдісін баяулатудың жаңа әдісін ойлап таптық. Яғни, осы препараттың арқасында кәрі тышқандардың зат алмасуы мен қуаты жас кеміргіштердікіне теңеседі деген сөз», - деді зерттеудің қосалқы авторы Син-Итиро Имаи.
Тышқандарға жүргізілген сынақ суда еритін NMN қанға үш минуттың ішінде сіңіп кететінін көрсетті. Алайда, бұл қоспаны жас тышқандарға бергенде, ешқандай өзгеріс байқалмаған.
Ғалымдардың пайымынша, тышқандардың зат алмасуы адамдікіне ұқсас болғандықтан, жаңа зерттеуде анықталған нәтижені адамға қатысты да пайдалануға болады. Жапония NMN препаратын адамдарға сынауды бастап кеткен. Бұл қосынды бірқатар азық-түлік құрамында бар екен, әсіресе брокколи, қырыққабат, қияр мен авокадо құрамында.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: