Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылорда облысында тағы 11 адам коронавирустен жазылып шықты

Қызылорда облысында тағы 11 адам жұқпалы індеттен жазылып шықты.
Олардың ішінде 5-уі Жаңақорған ауданынан, 6-уы Қызылорда қаласынан. Осылайша өңірімізде індеттен жазылып шыққандардың жалпы саны 17-ге жетті.
Бүгін, 2020 жылғы 17 сәуірде барлық емделушілерден дәрісханалық талдаулар алынды. Талдаулар теріс нәтижелерін берді, науқастардың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Емделушілердің барлығы 14 күн бойы үй жағдайында болып, аймақтық емханалардың бақылауында болады.
Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі күні Қызылорда облысында COVID-19 жұқпалы індетіне шалдыққандар саны - 143, жазылып шыққандар саны - 17.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: