Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Желіде тағы да көктен "у шашты" деген ақпарат тарай бастады

Желіде көктен "химикат шашты" деген сипаттағы видео тарауда. Бұл жолғы видеодағы "у шашушы" ұшақ Солтүстік Қазақстан облысы көгінен байқалған-мыс делінеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Stopfake.kz, шын мәнінде, бұл видеоның 2012 жылдың желтоқсанында түсіріліп, YouTube-та жарияланғанын айтады. Ту-204 ұшағының көкке көтерілген сәті Якутскіде түсірілген. Сол кезде ауа температурасы 45 градус аяз болған.
Оның артынан қалған із инверсия немесе конденсация деп аталады. Ол конденсацияланған ылғалдың – атмосфераның белгілі бір бөлігінже ұшу аппараттары соңынан атмосферада қалыптасатын тамшылар немесе мұз кристалдар.
– Бұл құбылыс тропосфераның жоғарғы қабаттарында жиі орын алады, ал тропопауза мен стратосферада өте сирек байқалады. Ауа температурасы төмен болғанда шағын биіктіктерде де байқалуы мүмкін, – делінген Википедияда.
Желі қолданушылардың ұшақтардың конденсациялық іздерін химикатпен шатастыруы бірінші рет емес.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: