Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 524 нысанға халықаралық менеджемент жүйесі енгізілді

2019 жылдың қорытындысы бойынша 44 мемлекеттік бақылау тексерулері жүргізіліп, оның 29 - ында заң бұзушылықтар анықталды. Бұл барлық тексерулердің 65,9% құрады. Оның ішінде 21 бару арқылы профилактикалық бақылау тексерулері жүргізілсе, оның 18 - інде заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерқанат Кеулімжаев мәлімдеді.
"Тексерулер қорытындысы бойынша қолдануға жарамсыз 269 дана өлшем құралдарын пайдалануға тиым салу жөнінде 18 ұйғарымдар берілді. Берілген ұйғарымдар бойынша салыстырып тексеруден өтпеген өлшем құралдары қолданыстан алынып, анықталған бұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар, есепті мерзімде зергерлік бұйымдар айналысы саласында 21 субъектіге бармай профилактикалық бақылау тексеруі жүргізіліп, оның ішінде 10 субъектіде заң бұзушылық анықталса, ол осы тексерулердің 48,0 пайызын құрады. Басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп 2 тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1 метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының бұзылуы анықталды",-деді Ерқанат Кеулімжаев.
«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ы Қызылорда филиалымен бірлесе отырып, облыс аумағында халықаралық сапа менеджмент жүйесін өндірістеріне енгізген кәсіпорындарға ұдайы талдау жасап, мониторинг жүргізіліп отырады. 2020 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысы бойынша 524 мекеме мен кәсіпорын халықаралық менеджмент жүйесін өз өндірістеріне енгізді.
Сонымен қатар, облыс орталығындағы ірі сауда үйлері мен базарларда, кәсіпорындарды аралап, олардан түскен техникалық реттеу, метрология саласының заңнама талаптары және проблемалық сұрақтары қарастырылады. Нәтижесінде, уәкілетті органға ұсыныстар енгізу бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: