Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен мемлекеттік бағдарламалар аясында Сырдария аудан экономикасының барлық саласында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері ілгерілеуде. Сондай-ақ ауданымызда ауқымды істер мен жобалар жүзеге асуда. Бұл жөнінде аудан әкімі Берік Сәрменбаев баяндап берді.![]()
Ел дамуында жетістікке жетудің бірден-бір жолы – экономиканың тұрақты өсімі. Биылға аудан бюджеті 10,4 млрд. теңгеге бекітіліп, есепті кезеңде нақтыланған бюджет көлемі 12,7 млрд. теңгеге жетті. Жыл басынан бюджетіміз 20,9 пайызға ұлғайды. Ауданның өз кірістерінің жоспары
2,8 млрд. теңгеге бекітіліп, нақты орындалуы
3 млрд. теңгені құрап, 7,8 пайызға артты. Негізгі капиталға 38,6 млрд. теңге инвестиция тартылды. Мемлекет басшысы кәсіпкерлік саласын дамытуға нақты тапсырмалар жүктеді.
Бірінші жартыжылдықта аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 50,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
106,8 пайызға орындалды. Саланың басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 7,9 млрд. теңге болып, 27,4 пайызға өсті.
Есепті мерзімде шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2714 кәсіпкер тіркеліп, нақты жұмыс жасап тұрғаны 2658 бірлік, яғни, белсенділік көрсеткіші – 97,9 пайыз.
Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлер тарапынан І жартыжылдық қорытындысымен
6,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 24 пайызөсім қалыптасты. Бөлшек сауда айналымы
1,5 млрд. теңге болып, 100,3 пайызды құрады.
Жыл басынан бері аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы ұйымдары тарапынан 81 жоба бойынша
4,1 млрд. теңге несиежәнегрант қаражаты берілді.
Анықтама ретінде:
«Агробизнес» бағдарламасы аясында құны 7,6 млн. теңгенің 2 жобасы;
«Кең дала 2» бағдарламасы аясында құны 3,5 млрд. теңгенің 13 жобасы;
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша құны 109,5 млн теңгенің 13 жобасы оң шешімін алып, қаржыландырылды;
«Ұлттық жоба» шеңберінде 1 572 800 теңгеден 36 адамға 56,6 млн.теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант;
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы құны 405,6 млн. теңгеге 17 ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтар.
Ауыл шаруашылығы саласы – өңір экономикасыныңнегізгі секторы.
2025 жылдың 6 айындаауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі
3 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға артты.
Ақпарат ретінде:
Ауданда 1600 тонна ет, 1300 тонна сүт өндірілді.
Биыл аудан диқандары 33мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, күтімге алды. Оның ішінде, күріш 19 950 гектарға егілді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
175 гектар қосымша жер дайындалып, 780отбасы бақша дақылдарын егіп, еңбектенуде.Оның ішінде, Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық,Шіркейлі, Асқар Тоқмағамбетов елді мекендеріндегі жастар бригадаларыбелсенділік танытуда.
Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылған«Ауыл аманаты» жобасы бойыншаөткен жылы 14 жоба(175,1 млн. теңге)жүзеге асырылса, биыл жылдың басында 9 жобаға 55,8 млн. Теңге қаржы бөлініп, қолдау көрсетілді. Аталған жобалар аясында 35жаңа жұмыс орны ашылды.
Анықтама ретінде:
1. Тереңөзек кенті Пескоблок өндірісі – 6 млн. теңге;
2. ШіркейліСпецтехника алу (Погрузчик) – 9,2млн. теңге;
3. Шаған Ағаш өндеу цехын ашу – 3,5млн. теңге;
4. Шаған Омарта шаруашылығы – 2,5млн. теңге;
5. Нағи Ілиясов Омарта шаруашылығы – 3 млн. теңге;
6. Қоғалыкөл Балық шаруашылығы – 20млн. теңге;
7. А.Тоқмағанбетов Тігін цехын ашу – 4,6млн. теңге;
8. Ақжарма Дизайнерлік және көшірме орталығын ашу – 2млн. теңге;
9. Ақжарма Көндитерлік өнімдерін шығару – 5млн. теңге.
Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін сапалы инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Аудан аумағында жалпы ұзындығы
263,3 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар (44 шақырымы – республикалық, 111,6 шақырымы – облыстық, 107,7 шақырымы – аудандық маңызы бар жолдар).
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 99 пайызды құрайды.
Сондай-ақ, ауданға қарасты кент және елді мекендерде жалпы ұзындығы 238,3 шақырымды құрайтын 227 көше бар(Оның ішінде: асфальтты жолдар – 198,6 км; қиыршық тасты – 20 км; топырақты – 19,7 км).
Бүгінгі күнге ішкі жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы – 82 пайыз.
Есепті кезеңде аудан бойынша жол саласына қатысты 5 жобаға 1 млдр. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар «Қызылорда-Аэрапорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолыныңқалған 10,2 шақырымыкүрделі жөндеуден өтіп, 46 шақырымды құрайтын аталған жол толығымен жөнделді.
Биыл Шіркейлі, Шаған, С.Сейфуллин елді мекендерінде 7 көшекүрделі жөндеуден өткізілуде. Жұмыстар жақын күндері аяқталады. Аудандық бюджет есебінен бөлінген
77 млн. Теңгеге Тереңөзек кенті,Жетікөл, Аманкелді және Іңкәрдария ауылдарында 14 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда тозығы жеткен электр желілерін жаңарту жұмыстары 53 пайызға жетті. 2024 жылыШаған ауылын электр желілерімен жабдықтау жұмыстары толық аяқталса, биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны
490,5 млн. теңгені құрайтын Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтаужұмыстары жүргізілуде.
Осы жұмыстардың нәтижесінже электр желілерін жаңарту жұмыстары 57 пайызға жететін болады.
Бүгінде Тереңөзек кенті, Н.Ілиясов, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов ауылдарының электр жүйелерін жаңартуға демеушілікпен жобалар әзірленіп, тиісті басқармаға ұсынылды. Аудан тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Тұрғындарға сапалы ауыз сутәулік бойына үздіксіз берілуде. Бүгінде ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 50 пайызды құрайды. Аймақ басшысының қолдауымен Н.Ілиясов ауылын газдандыру жобасына облыстық бюджеттен661,4 млн. теңге бөлініп, елді мекен мамыр айынан бастап табиғи газдың игілігін көруде.
Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 2,6 млрд. теңгегеШаған ауылын газдандыружұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін елді мекендітабиғи газға қосужұмыстары атқарылатын болады.
Жоба құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алужұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта Бесарық, Шіркейлі, Қоғалыкөл елді мекендерін газдандыруға демеушілік есебінен жобалар әзірленіп, тиісті басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды.
Ауданда 2025 жылдың І жартыжылдығында құрылыс жұмыстары44,4 пайызға артып, көлемі 12,6 млрд. теңгены құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 10 225 шаршыметрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға артық орындалды.
Ауданды абаттандыру жұмыстары бюджет көздерінен және бюджеттен тыс демеушілік арқылы қарқынды жүргізілуде. Аймақ басшысы бірінші кезекте қажет ететін әлеуметтік нысандар, білім мекемелері орналасқан көшелердің жаяу жүргіншілер жолын жөндеуді тапсырған болатын. Осы ретте, Тереңөзек кентінде15 көшеге(Д.Қонаев, Жеңістің 50 жылдығы, Р.Алшынбаев, Ж.Құттыбаев, Қазақ, Ғ.Мұратбаев, О.Абдулпаттаев, Ә.Тәжібаев, Қ.Бөдеев, Д.Керейтбаев, А.Алиакбаров, О.Мәлібаев, Н.Ілиясов, Д.Қонаев тұйығы, «Тереңөзек-Шаған» трассасы)жаяу жүргіншілер жолы салынуда
(767 млн. теңге).
Н.Ілиясов ауылында «Абзал және К» толық серіктестігінің демеушілігімен 125 млн. теңгегеспорт және балалар ойын алаңдарыпайдалануға берілді және 35 млн. теңгеге елді мекеннің кіреберісі түнгі жарықпен қамтылды. Бесарық ауылында«Абай-Дәулет» серіктестігінің демеушілігімен 50 млн. теңгеге «Жастар аллеясы» салынса, жергілікті бюджеттен бөлінген 41 млн. теңгеге ауыл кіреберісі жарықтандырылды. Іңкәрдария аулында жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 20 млн. теңгеге орталық алаң жасақталды. Жергілікті бюджеттен бөлінген 56 млн. теңгеге Айдарлы, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Ақжарма, Қалжан ахун, А.Тоқмағанбетов ауылдарына ойын алаңдары салынуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданда көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Акция барысында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтары және сенбіліктер тұрақты өткізілуде. Нәтижесінде бүгінге дейін ауданда
17 400 көшет, 28 мыңға жуық гүлдер отырғызылса, 70 шақырым каналдар мен арықтар тазартылып, 4000 тонна қоқыс шығарылды.
Өңірлік жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша ауданда бүгінгі күнге 1293 жұмыс орны ашылды (2025 жылы 2953 жұмыс орнын ашу жоспарланған, көрсеткіш – 43,8 пайыз).Оның ішінде, Ұлттық жобалар аясында
13 жоба бекітіліп, 105 адам жұмыспен қамтылды
(68 пайыз, жылдық жоспар – 155 жұмыс орны (22 тұрақты, 133 уақытша). Мемлекет басшысының әрбір 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасына сәйкес, ауданда 186 жұмыс орны ашылды. .
Аудан бойынша 53 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның ішінде, жаратылыстану-математикалық бағытта 5 инновациялық мектеп-лицей бар. Апатты жағдайда және 3 ауысымда жұмыс істейтін мектеп жоқ.
Ауданда барлығы 8211 оқушы білім алды.
Аз қамтылған отбасы(1142)мен 1-4 сынып(3102)оқушылары 100 пайыз бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды. 2024-2025 оқу жылын 526 түлек мектеп бітіріп, олардың 461-і, яғни88 пайызыҰлттық бірыңғай тестілеуге қатысты(Орташа балл – 79). Биыл облыстық бюджеттен бөлінген 309 млн теңгеге Сәкен Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде (медігер мекеме «N Cтрой Сервис» ЖШС). Жаңа оқу жылын оқушылар қайта жаңартылған мектепте оқитын болады. Ауданда 3-6 жас аралығында бүлдіршіндер балабақшамен толық қамтылған.
Халық денсаулығын нығайту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Саланың материалдық-техникалық жағдайын нығайту мәселесі күн тәртібінен түскен емес.
Аймақ басшысының қолдауыменбиылаудан орталығында облыс бойынша ем алушыларды қабылдайтын паллиативтік медициналық көмек көрсету бөлімшесіашылды. Бөлімше 60 төсек орынға арналып, тиісті мамандармен, қажетті медициналық құрал-жабдықтарментолық қамтылған. Ашылғаннан бергі 6 ай ішінде 340 науқас ем қабылдады. Шаған елді мекенінде орналасқан дәрігерлік амбулатория 328 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілуде(Мердігер – «РеалСтройСнаб» ЖШС).
Жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң мұнда «Медициналық оңалту» бөлімшесіашылып, Шаған және елді мекенге жақын орналасқан ауыл тұрғындарын емдеуге мүмкіндіктер жасалатын болады. Сондай-ақ, аудандық ауруханаға қарасты ауыз сумен қамтамасыз ететін су көтергіш мұнарасын қайта жаңғыртуғаоблыстық бюджеттен
125 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан орталығында неке қию залы, кітапхана, музей, мұрағат, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын «Руханият»орталығы пайдалануға берілді.Бұл ауданның мәдени-рухани құндылықтары дәріптелетін орталыққа айналды.
Биыл Қызылорда қаласының астана болғанына – 100 жыл толып отыр. Осыған байланысты «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы – Қызылордам» атты аудан өнерпаздарының облыстық мәдениет және өнер байқауында сырдариялықтар бірінші орынды жеңіп алды. Биылғы айтыс өнерінің хас шебері Ұлбике Жанкелдіқызының 200 жылдығына орай ауданда республикалық ақындар айтысы өткізіліп, ұлттық өнеріміз дәріптелді.
«Балауса» халықтық би ансамбліАлматы қаласында өткен халықаралық өнер конкурсында Бас жүлде иеленіп, Баку қаласына жолдама алды. Аудан мәдениет үйлері мен клубтарында, «Адал адам» мәдени-тәрбие орталықтарында барлығы 150 үйірме бар, оған 2000-ға жуық өнерпаз қатысады.
Ауданда спортты дамыту бойынша қабылданған шаралар аясында спортпен тұрақты айналысушылардың үлесі 40,5 пайызды құрады. Биыл Бесарық ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Ауданда 130 спорттық нысанда555 үйірме жұмыс жасайды. Онда 16 мыңға жуық спортшы қамтылған.