Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алматы әуежайында жолаушы мен бармен төбелес шығарды (видео)

Алматы әуежайының күту залында екі ер адам арасында төбелес шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Фейсбукте екі ер адам арасындағы жанжалдың видеосы кең тарап кетті. Алматы әуежайындағы полиция департаменті бұл оқиғаның ағымдағы жылдың 23 қарашасында болғанын хабарлады.
"Алматы әуежайындағы полиция бөліміне "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ қауіпсіздік инспекторынан әуежайдың күту залында екі ер адам арасында төбелес болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде көлік полициясы оқиғаға қатысушылардың кім екенін анықтады. Олар 30 және 31 жастағы жолаушы және әуежайдың тамақтандыру қызметтерінің бірінің бармені болып шықты", - делінген хабарламада.
Алматы-Ақтау рейсінің жолаушысы күту залындағы бар креслоларында ұйықтап қалғаны анықталды. Бармен ұйықтап жатқан жолаушыны оята бастағанда, ол наразылық білдіріп, балағат сөздер айтады. Қақтығыс төбелеске ұласты. Күту бөлмесінде отырған және жанжалдың куәгерлері болған жолаушылар көмекке келген. Олар екі ер адамды әрең ажыратып алған.
Кейінірек, осы жылдың 24 қарашасында. 00.11-де мекеменің иесі мен бармені полицияға жолаушыға қатысты оны құқық бұзушылық үшін жауапқа тарту туралы арыз жазды. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жолаушыға жеңіл алкогольдік масаңдық диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: