Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ғарышкер Қазақстандағы дауылды ХҒС-дан суретке түсірген

Ғарышкер Қазақстандағы шаңды дауылдың суретін жариялады. Ол Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ресейлік "Роскосмос" ғарышкері, ХҒС бортинженері Олег Артемьев шаңды дауылдың суретін Twitter-де жариялады.
"Каспийдегі шаңды дауыл, Қазақстан", - деп жазған ол.
Бұған дейін ғарышкер Олег Артемьев Instagram-дағы парақшасында Владивостоктың Халықаралық ғарыш станциясында түсірілген суреттерін жариялаған болатын. Сурет сипаттамасында ол Владивосток Қиыр Шығыстағы ең ірі теңіз порттарының бірі, Ресейдің Тынық мұхиты флоты орналасқан қала екенін атап өтті.
Ол Сахалинді де түсірген. Олег Артемьев - ресейлік ғарышкер, әлемнің 534-ші ғарышкері.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: