Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Браконьерлерді қуған полицейлер видеосы жарияланды

Ақтөбе облысында браконьерлерді қуған видео ҰҚК-нің баспасөз қызметінде көрсетілді. Бұл жөнінде Аikyn.kz жазды. 
Олардың хабарлауынша, 27 қарашада Ақтөбе облысындағы Жамбыл шекара бекетінде еліктерді заңсыз атумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.
«24 қарашада Т. есімді азамат өзінің достарын, Ақтөбе тұрғындарын аң аулауға шақырған. Сөйтіп, 3 көлікке мінген бір топ адам 6 елікті атып тастады. Көлікті тексерген кезде, еліктің өлі денесімен бірге 8 қару табылды», – делінген ресми хабарламада.
Ұсталғандар Әйтеке би аудандық полиция бөліміне процедуралық шаралар жүргізу үшін жіберілді. Қазақстанда 18-20 мың елік бар, оларды аулау тек лицензия бойынша рұқсат беріледі екен.




Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: