Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Полиция тексеріп жатыр. Төреғали Төреәлі бәлеге ұрынды

Алматы облысының полиция департаменті әнші Төреғали Төреәлінің өлген жануармен түскен суретін тексеріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазіргі уақытта Алматы облысының полиция департаменті істің мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру шараларының нәтижелері бойынша түзету шаралары қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылданатыны сөзсіз. Жағдайға құқықтық баға беріледі, делінген полиция хабарламасында.
25 желтоқсанда танымал әнші Instagram парақшасында ашық аспан астында өлген жануармен түскен суретін жариялады. Суретте ол соғып алған түлкісін желкесінен ұстап, олжасына дән разы. Аузынан қан аққан түз хайуаны өлі секілді.
Желі қолданушылары әншіні айыптап, хайуанға аяушылық білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: