Қызылордада асыл тұқымды итті ұрлаған адам алысқа ұзаған жоқ
5 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 58 жасар қала тұрғыны, сүйікті досы, асыл тұқымды Нико есімді итін табуға көмектесуін сұрайды.
Оқиға кешкілік кезде есік алдында серуендеп жүрген итін, белгісіз адамдар жеңіл автокөлікпен тоқтап, салып алып кеткен. Бір айта кетерлігі, асыл тұқымды ит аз ақша тұрмайды, яғни, 400 000 теңге. Иесі итін табу үшін шарқ ұрып, барлық жерді іздеумен болады. Қала полицейлерімен барлық әкімшілік учаскілерге бағдар беріліп, жедел іздестіру жұмыстары жасалды.
Қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерінің іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, кезекші тәулікте қала маңындағы мектептің жанынан Никко табылды. Атап айтар болсақ, ЖПБ патрульдік полицейлер Қожатаев Ерлан, Жұмабаев Қайрат, Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Аяпов Еркін және жедел уәкіл Кубайділдаев Серік .
Қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне риза болып, алғыс білдірді.