Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған қаржы қайда жұмсалуда?

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Сайыров ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа қазақ тілін үйренуге қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі өте күрделі геосаяси жағдай еліміздің ішкі саясатының көптеген аспектілерін қайта қарауды талап етеді. Осынау терең мәселенің бірі - тіл саясаты, оның ішінде мемлекеттік тілді үйрену проблематикасы. Мемлекеттік тілді үйрету, оған баулу ыждахатты түрде бола отырып, өзара сыйластық, бауырластыққа әкелуі қажет. Мемлекеттік тіл қоғамның ынтымағының, бірлігінің символына айналуы, осы тұрғыда, мемлекеттік тілді үйретудің бағдарламаларының тиімділігі, тіл үйренушілерге нақты көмек жасауға қабілеттілігі тұрғысынан аудит жүргізу өте маңызды», - деді Мәжіліс депутаты.
Оның атап өтуінше, «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасында мемлекеттік тілді дамытуға баса назар аударылған.
Сондықтан, Мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған қаржы қайда, қалай жұмсалып жатыр? Мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған оқу-үйрету бағдарламаларының тиімділігі жөнінде қанша адам үйреніп шықты, қанша адам тілдік бірінші, екінші сатыға өткендігі жөнінде сараптама жасау қажет. Ерікті азаматтардың қазақ тілін үйренемін деушілерге әдістемелік тәсіл жағынан көмектесуге қабілетті бағдарламаларын мемлекеттік органдар қаншалықты тиімді қолдануда? Осы мәселелер бойынша Үкіметтің құзырлы органдарының қоғам алдында есеп беруін сұраймыз», - деді ол.
Депутат мемлекеттік тілді дамытудың арғы жағында ел мен жер мәселесі тұрғанына баса назар аударды.
«Мемлекет мығым болуы үшін ана тіліміз асқақтауы маңызды. Қазақ тілі қоғамның ынтымақ, бірлігінің уығы, елдің консолидацияның тірегі болуы тиіс. Осы мәселе бойынша шешім қабылдап, қарау нәтижелерін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауды сұраймыз», - деді Ерлан Сайыров.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: