Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 12-14 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады.
"Кезеңнің басында атлантикалық циклон елдің басым бөлігіне жауын-шашын әкеледі: солтүстікте жаяу бұрқасын мен қар, республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде. Содан кейін елдің басым бөлігіне Салехард аудандарынан антициклон жылжиды.
Осыған байланысты кезеңнің соңына қарай ауа райы ашылып, температура төмендейді деп болжанады. Республика бойынша кей жерде тұман, жел күшейеді, жаяу бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі", - дейді синоптиктер.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: