Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада тұрғындар қалтасынан телефон ұрлаған адам ұсталды

Қызылордалық полицейлер ұялы телефондар ұрлаумен айналысатын ұрыны “ізін суытпай” ұстады. 
19 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына екі қала тұрғыны ұялы телефондарының ұрланғаны туралы арызданды. 
Тексеру барысында 19 қаңтар күні күндіз қаладағы базар маңында жәбірленушілердің қалталарынан “Айфон 6+” және “Самсунг” маркалы ұялы телефондарын белгісіз біреулердің ұрлап кеткені анықталды. 
 Полиция басқармасының қызметкерлері кезекші тәулікте “ізін суытпай” телефон ұрлығына қатысы бар күдікті азаматты қолға түсірді. 
33 жастағы күдіктінің  бұрын сотталған қала тұрғыны екені анықталды. Келтірілген шығын сомасы 360 000 теңге.  
Қазіргі таңда күдікті азамат  уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: