Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тілі басқа болса да, тілегі бір сақшылар

Тілі басқа болса да, тілегі бір сақшыларҚазақы қаймағы бұзылмаған, Алаштың анасы атанған Қызылорда өңірінде 750 мыңға жуық халық тұрса, соның 32 мыңға жуықғы өзге этнос өкілдері болып табылады. Ал халықтың қауіпсіздігі мен бостандығын қорғауды басты мақсат еткен облыстық ішкі істер департаментінде 20-ға жуық өзге ұлт өкілдері абыройлы қызмет етіп жатыр. 
Ұлты басқа болса да, жүрегі «Қазақ» деп соғатын олар Қазақ жерін, Қазақ халқын қорғау жолында от пен суға түсіп, кіндік қаны тамған Отандарының алдында перзеттік парыздарын өтеп келеді. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен олар өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін Ішкі істер министрлігінің, Ішкі істер департаменті бастығының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарының бірнеше мәрте иегерлері атанған. «Тіліме тағзым ет, сыйласаң елімді, сонда сен отандас боласың сенімді!» демекші, барлығы дерлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін толық меңгеріп, жұмыс барысында да, күнделікті тұрмыста да бір адамдай қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасай алады. Жыл сайын «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» ұйымдастыратын мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысып, біліктері мен білімдерін жетілдіріп келеді. 
Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің қолдауымен жыл сайын ұйымдастырылатын  мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттап, тәртіп сақшыларының қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік тілді құрметтеу, мәртебесін арттыру, парасаттылық рухын көтеруге бағытталған «Парасатты полицей» атты байқауға үнемі қатысуда. Әсіресе,  Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі Ювеналды полиция басқармасының тергеушісі Тен Айнұр, облыстық ішкі істер департаменті  Көші-қон полиция басқармасының инспекторы Угай Борис, Қалалық ішкі істер басқармасының анықтаушысы Федорук Владимир сынды қызметкерлеріміз әр өңірден қатысатын полицейлермен иық тіресе бас сынасып, Сыр елінің, Ішкі істер департаментінің намысын абыроймен қорғап келеді. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, барлығы дерлік бірінен-бірі озған «Сыр елі – жыр елі» атанған қасиетті өлкенің киесі қонған күміс көмей, жез таңдай әншілері, қасиетті өнер иелері. Мемлекеттік мерекеге орай ұйымдастырылатын іс-шараларда көптен суырылып шығып, көкейіңді кернеп, патриоттық сезіміңді оятар әндерін арнайтын да осылар. 







Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: