Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жетімнің нәпақасын жеп келіпті

Жетімнің нәпақасын жеп келіптіҚармақшы аудандық прокуратурасымен М.А-ның жазған арызына байланысты тиісті құжаттарды сұрату арқылы тексеру жұмыстары жүргізілген.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру жүргізу барысында, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің тұрғыны Б.А, М.А-ның өзінің тәрбиесінде емес екеніне қарамастан, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлкке құқықты иемдену арқылы, алаяқтық жасау мақсатында соңғының әкесі А.А. 1998 жылы және анасы А.Г 1996 жылы қайтыс болғанын, содан бері М.А. өзінің тәрбиесінде екендігін, сол себепті өзінің қамқорлығына алу жөнінде аудандық әкімдікке арыз бергені анықталған.
Осы іс-әрекеттерінен кейін, Б.А. М.А-ға қамқоршы, қорғаншы болып тағайындалып, М.А-ға тиесілі жәрдемақыны 1998 жылдан бастап өзі заңсыз алып отырғаны белгілі болған.
Аталған оқиғаға байланысты, Б.А-ның іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстың құрамы бар екендігі байқалғандықтан, жинақталған құжаттар 12.01.2015 жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне тіркелген.
Қазіргі уақытта, Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімімен алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: