Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сырдарияда бір күнде 600 адам вакцина қабылдады

Сырдария аудандық ауруханасында вакцина салдыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аудан тұрғындарының екпе қабылдауда белсенділігі артқан. Оған дәлел, 2021 жылдың 4 мамыр күні, яғни бір күнде 600 адам вакцина қабылдады.
Жалпы, ауданда наурыз айынан вакцина егу жұмыстары басталып, бүгінге дейін 4000-нан аса сырдариялық «Спутник V» және «QazVac» екпесін салдырды. Қазіргі таңда аудандық ауруханда 500-ге жуық вакцина қалды. Екпе салдырғандар қатарында қариялар, ерікті жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен барлық сала мамандары бар.
Айта кетейік, елде вирусқа қарсы екпе салдырғандар бірқатар шектеу шараларынан босатылды. Атап айтқанда, вакцинаның қос дозасын алған азаматтардан ауруханада дәрігерлер ПТР тестілеу анықтамасын талап етпейді. Сонымен қатар бұл жеңілдік вахталық қызметте жұмыс істейтіндерге, медициналық колледж бен ЖОО студенттеріне және еңбек демалысынан шыққан немесе сырқат парақшасы бар медициналық қызметкерлерге де қатысты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: