Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалылық кәсіпкер 4 млн теңге несие алды

Қазалы ауданында тұратын Азамат Сансызбаев бұрыннан жылқы малын өсіруге ниет танытып жүрген еді. Оның мақсатын орындауға "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда облысы филиалы көмекке келді.
Кәсіпкер  "Мал шаруашылығын дамыту" бағдарламасының шарапатын көрді. Сол арқылы мал басын көбейту мақсатында жасы 10 жылқы сатып алу үшін 4 млн теңге көлемінде несие рәсімдеп, өз кәсібін жүргізуде. Несиені өтеу мерзімі - 24 ай, жылдық сыйақысы 4%-ды   құрайды.
«Осы орайда Қор арқылы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға жеңілдетілген  4%-бен несие тағайындалатындығын ескертеміз. Несие шарты бойынша кәсіпті дамытуға көмек ретінде 3 ай демалыс кезеңі бар екендігін қоса кетейік», - деді қор өкілдері.           
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: