Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Электронды форматта  244 184 қызмет көрсетілді

Аймақтағы Мемлекеттік кірістер департаменті 5 айда 65,2 млрд. тенге түсім түсірді.  Осылайша, сала мамандары Мемлекеттік бюджет  жоспарын 107 пайызға орындады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әділбек  Бекішев мәлімдеді.
Департамент тарапынан жыл басынан бері 247 661 қызмет түрі көрсетілген. Оның  244 184 электронды түрде, 3477 жазбаша жауап берілген. 
- "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобасы аясында "OpenSpace" жобасы іске асырылды. Ғимаратқа кіре берісте "қабылдау орталығы" салынды. Келушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Мұнда біздің қызметкерлер күн сайын кезекшілік етеді және азаматтарды қабылдайды. Қажет болған жағдайда Департамент басшылығы да қабылдау жүргізеді. 
Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау басталды. Декларациялау қолданысқа кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Бұл ретте «e-Salyq Азамат» мобильді қосымшасы арқылы декларацияны тапсыруға болатынын естеріңізге саламыз. Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтер «Электронды үкімет» порталы «e-gov.kz, Cabinet.salyk.kz интернет ресурсы  және  «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Осы аталған ресурстар арқылы келесі мемлекеттік қызметтер түрін алуға болады. Атап айтқанда, салық төлеушілерді тіркеу, қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі, салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу,-деді Әділбек Ерғалиұлы. 
Бүгінде саланы цифрландыру мақсатында  25 мемлекеттік қызметтің  21-і автоматтандырылған. Яғни  электронды түрде қызмет алуға толық мүмкіндік жасалған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: