Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Футболдан Еуропа чемпионаты: Финалды қайдан көруге болады

Бүгін, 11 шілдеде футболдан Еуропа чемпионатының финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Финал Англия астанасы Лондон қаласында «Уэмбли» стадионында 11 шілдеден 12 шілдеге қараған түні елорда уақытымен 00.50-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама бұған дейін 27 мәрте кездесті. Оның 10-да Италия жеңіске жетіп, 8-де Англия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.
Соңғы үш ойында Англия аталған қарсыласының осал тұсын таба алмай келеді. Үш кездесудің екеуінде тең түссе, біреуінде қарсыласына есе жіберді.
Айта кетерлігі, бұдан бұрын Италия төрт мәрте жартылай финалға шыққан. Нәтижесінде 1968 жылы чемпион атанса, 1988 жылы қолаға қол созды. Ал 2000, 2012 жылдары күміс жүлдегер атанды.
Ал ағылшындар 1968, 1996 жылдары құрлықтық доданың жартылай финалында ойын көрсетті. Екеуінде де қарсыластарына есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтқан еді.
Еске салсақ, бұған дейін 10 құрама чемпиондық атаққа қол жеткізді. Олардың қатарында Германия мен Испания -3, Франция - 2, КСРО, Италия, Португалия, Чехословакия, Нидерланды, Дания мен Грекия бір-бірден жеңімпаз тұғырынан көрінді.
2024 жылы құрлықтық дода Германияда өткізіледі. Ол 14 ақпан мен 14 шілде аралығында болады.
Еске салайық, бұл бәсеке он алтыншы мәрте өткізіліп отыр. Кәрі құрлықта 1960 жылы алғашқы Еуропа біріншілігі ұйымдастырылды. Ойындар тұңғыш рет Еуропаның 10 мемлекетінде орналасқан 11 стадионда өткізілуде. Бұл дүбірлі доданың 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Биылғы біріншілікте барлығы 24 құрама сынға түсті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: