Жалағашта биыл 50-ден астам кәсіпкерге қайтарымсыз грант берілді
Жалағашта соңғы жылдары кәсіпке енді қадам басқан жұмыссыз азаматтарды да қайтарымсыз грантпен қамтамасыз ету қарқын алды.
Мәселен, биылдың өзінде 50-ден астам жоба авторына 583 600 теңгеден берілген болатын. Олардың бірі ауыл шаруашылығы саласында табыс табуға талаптанса, енді бірі тігін цехын ашып, халыққа қызмет көрсеткісі келеді. Сондай-ақ кондитерлік өнім өндіруді де өз жобасына арқау еткендер жоқ емес. Бастысы мұның көбісі қазіргі таңда өз тұтынушыларын сапалы өніммен қамтамасыз етуде.
Қайтарымсыз қаражатқа ауылдық елді мекендер тұрғындары да ие болуда. Ауыл тұрғындары да кәсіп ашудың пайдасын жетік меңгерген.