Арал ауданына қарасты Қарақұм ауылдық округі, Абай ауылында, тұрғындардың көптен бері сұранысына айналған газ құю бекеті іске қосылды. Газ құю бекетін ашып, халыққа қызмет көрсетіп жатырған жас кәсіпкер Сұлтан Азамат Есқуатұлы есімді азамат.
Жеке кәсіпкер бүгінгі күні бір ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр, кәсібі өрге басқан кезде қосымша жұмысқа адам алатындығын жеткізді. Аталған кәсіпкерлік нысанның ашылып, халыққа қызмет көрсете бастағанына ауыл халқы шын жүректен қуанып, өз ризашылықтарын білдіруде. Енді ауыл тұрғындары мен автокөлік жүргізушілерінің көгілдір отынды қажеттіліктеріне орай аудан орталығына бармай-ақ, қалаған уақыттарында ауылдан қолжетімді бағаға сатып алуға мүмкіндіктері бар.
Аталған кәсіпкерлік нысан алдағы уақыттары ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетеді деген сенім бар.